Bugin

Ақтөбеде жоғалған үш қыз туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Pexels.com

Ақтөбеде жергілікті бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Ақтөбеде үш жасөспірім қыз іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 23:00 шамасында "Аяла" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиешесі хабар берген. 2006 жылы туған үш қызды полиция мен еріктілер іздеді.

Іздеу шаралары барысында үш қыз пәтерден табылды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған қыздар Ақтөбе полиция бөлімшесінде.