Bugin
Фото: pexels.com
Ақтау әкімі тұрғындардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтауда магистралдық құбырдағы ақауды мамандар жөндеп жатыр, бірнеше шағын ауданда жылу беруге уақытша шектеу енгізілді, әкім тұрғындардан сабырлық танытып күтуді өтінді.
"Каспий жылу, су арнасы" МКК хабарлағандай, бірнеше шағын аудандарды жылумен қамтитын магистральдық жылу құбырында апаттық жағдай тіркеліп, жылу беру уақытша шектелген.
Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімі апат болған жерге барып, жағдайды бақылауда ұстайтынын жеткізді.