Bugin

Желіде Екібастұз жылу электр орталығында болған апат түсірілген видео пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Желіде Екібастұздағы апаттың видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімдігі видеоның 10 желтоқсанға қараған түні түсірілгенін растады.

"Видео таңғы уақытта түсірілді. Қазір су тартылып жатыр", - деп хабарлады Екібастұз әкімдігі.

Екібастұз жылу электр орталығында болған апат салдарынан тасқын су сору стансасы су астында қалып, резервтік қазандықтарды іске қосуға тура келді. Қазір олар мазутпен жұмыс істейді. Су тарту жұмыстары жалғасуда.

"Су шығару және сорғыларды іске қосу жұмыстары аяқталғаннан кейін қазандықтар қайтадан отынмен жұмыс істеуге көшеді. Барлық жұмыстардың аяқталуының болжамды уақыты - кешке дейін", - делінген хабарламада. 

Ал, Екібастұз қаласының кейбір тұрғындары әлеуметтік желіде пәтерлеріндегі батареяларды салқындап жатқанын айтып шағымдануда. Қала басшылығының айтуынша, азаматтардан түскен барлық өтініштерді мамандар бірден қарайды.