Bugin

Синоптиктер дүйсенбі күнгі ауа райын болжады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Pexels.com

Синоптиктер дүйсенбі күнгі ауа райын болжады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 11 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше өңірінде аяз, көктайғақ болатынын, ал кей өңірде жаңбыр, қар жауатынын ескертті. 
 

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с болады. 

Атырау облысында шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік- батысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні - 15-20 м/с.Түнде облыстың басым бөлігінде 40-41 градус, облыстың солтүстігінде 45 градус аяз болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында көп мөлшерде қар жауады. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 16 м/с болады.