Bugin
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Маңғыстау облысы, Батыр ауылының 20 жастағы тұрғынын полицейлер ұстады. Жігіт кәмелетке толмаған қызңа тиісті деген күдікке ілінді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ASTANA арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл деректі бесінші сынып оқушысының анасы айтты. Ол қызының WhatsApp арқылы біреуге үнемі хат жазып тұрғанын байқаған. Әйел қыздың телефонына қараса, көптеген әдепсіз хабарламаларды көрген. Бір жас жігіт қызына киімсіз және басқа да көптеген ұятсыз суреттерді жіберуін өтінген.
Қыздың анасы бір айла қолданды. Ол қызының атынан бейтаныс жігітпен хат алыса бастады. Анасы қызының атынан "ата-анам үйден кетіп қалды" деген желеумен жігітті кездесуге шақырады.
Кездесуге келген жас жігітті телефонына түсіріп алып, полиция шақырған. Қазір тәртіп сақшылары жігіттің ниетін және оқушы қыздың телефон нөмірін қайдан алғанын анықтап жатыр.