Bugin

Елімізде -44 градусқа дейін аяз болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Синоптиктер 12-14 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың айтуынша, Қазақстанның басым бөлігінде аязды ауа райы сақталады. Бұл арктикалық антициклонның ықпалына байланысты болмақ.

12-13 желтоқсанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады. 12 желтоқсанда таулы аймақтарда қалың қар жауады. Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жел күшейіп, таулы аймақтарда тұман түседі деп күтіліп отыр.

12-13 желтоқсанда түнде ауа температурасы: солтүстік-батыста және орталықта 25-38, солтүстікте 30-38, республиканың қиыр солтүстігі мен солтүстік-батысында 40-44.  Республиканың шығысында 20-38, 14 желтоқсанда 32-38, кей жерлерде 40-42 дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 25-30 градусқа дейін төмендейді. Таулы аймақтарда ауа температурасы 33-38 нөлден төмен болады.

"14 желтоқсаннан бастап арктикалық антициклон солтүстік-шығыс бағытта ығыса бастайды", - делінген хабарламада.