Bugin

Әйелдің көзінен 60 тірі құрт шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Jam Press Vid

Жуырда дәрігерлер Куньмин қаласында тұратын қытайлық әйелдің көзінен 60 тірі паразит құрт тапты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дерекке сүйенсек, әйел көзін уқалағанда, ішінен құрт түскен. Ол шұғыл түрде емханаға жатқызылған. Операция кезінде әйелдің көзінен 60 құрт алынған. Операцияны жасаған дәрігер көзге қоныстанған паразиттерден науқастың көзі зағип болып қалуы мүмкін екенін атап өтті.

Басылымның мәліметінше, қауіпті инфекция үй жануарларымен байланыста болғаннан кейін пайда болуы мүмкін. Дәрігерлер қытайлық әйелге мұқият болуды және әрқашан көзін уқалар не тамақ ішер алдында қолын жууды ұсынды.

Басылымның мәліметінше, дәл осындай оқиға америкалық Эбби Беклидің де басынан өткен. Дәрігерлер қыздың көзінен 14 құрт тапқан. Эбби жасанды кірпік қолданғандықтан, көзіне құрт түскен болуы мүмкін деп болжанған еді.