Bugin

Алматыда полицейлер 14 жастағы қызды зорлағаны расталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматыда полицейлер 14 жастағы қызды зорлаған. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Алматыда екі полиция капитаны 14 жастағы жасөспірім қызды зорлады, бұл фактіні растай аласыз ба? Егер бұл рас болса, күдіктілер ұсталды ма?" – деп сұрады журналистер Мәжілістен кейін.

"Өкінішке қарай бұл оқиғаның болғаны рас. Бұрынғы полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасаған. Дереу тәртіптік комиссия құрылды, бұл адамдар белгілі себептермен жұмыстан босатылды. Қылмыстық іс аясында олар да қамауға алынды", - деп жауап берді Ержан Сәденов.

Министр тергеу әлі жалғасып жатқанын айтты. "Қылмыс кезінде полицейлер құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды ма?" деген сұраққа Ішкі істер министрлігінің басшысы: "Иә, мен растаймын", - деп жауап берді.