Bugin

"Көл жағасында киімдері қалған". Балқашта 15 жастағы қыз өлі табылды (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан скрин

Балқашта жоғалған қызды іздеуге 130-дан астам полиция қызметкері мен ерікті жұмылдырылған. 15 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға кеше кешкілік уақытта жергілікті тұрғыннан 15 жастағы қызының жоғалғаны туралы хабарлама түскен Азамат арызында күндізгі сағат 16:00 шамасында қызы би үйірмесіне шығып, одан оралмағанын айтты.

Іздеу жұмыстарына қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері мирл жүйесі бойынша көтеріліп, іздеу басталды. Баланы болуы мүмкін деген такси және көлік тұрақтары тексеріліп, қала жолдарындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын қараған.


Іздеу жұмыстарына эріктилер, қала тұрғындары и салысты. Издеу жұмыстары 11 желтоқсан күні таңертеңгілік Балқаш көлінің маңына алып келді.

Көл жағасынан жоғалған қыздың киімдері табылды. Осы уақыттан бастап көлдің аумағын қарау жұмысы жүргизілді. Сағат 13:36 шамасында көлден 40-50 метр қашықтықта, 2,5-3 метра тереңдікте қыздың мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыздар.