Bugin

"Шешіндіріп, қорқытқан": Оралда 9 жасар балаға қысым көрсеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels

Оралда 9 жастағы баланы шешіндіру дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"НеМолчиKZ" қоғамдық қорына 6 желтоқсан күні баланың анасынан шағым түскен. Оның айтуынша, оқиға 9 қараша күні болған. Сағат 17.00-де үйдің ауласында баласына тиіскен.

"Мен екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырмын. Үйдің ауласында бір ай бұрын ұлымды шешіндірген, қылғындырып, қорқытқан. Сол кезде мен шығып қалып, тиіскен адамды полицияға тапсырдым. Кәмелетке толмағанды азғындыққа итермелеу туралы іс қозғалды. Балам тоғыз жаста, осындай сұмдықты бастан кешірді. Тергеу бір орында тұр. Бапты бұзақылыққа өзгертті", - деп жазды баланың анасы.

БҚО полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Әлібек Салықовтың нақтылауынша, 16 жастағы күдікті жасөспірімге қатысты заңсыз іс-әрекетке барған.

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы бақылауға алынды", - деді Ә.Салықов.