Bugin

Президент ақша жоқ екенін мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: EPA-EFE/REX/SHUTTERSTOCK

Аргентинадағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен экономист Хавьер Милей Буэнос-Айрестегі инаугурация рәсімінде қызметке кірісті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Майли Ұлттық конгрессте ант берді. Қызмет мерзімі аяқталған президент Альберто Фернандес президенттік белбеуін Хавьер Милейдің иығына тақты. Жиналған депутаттардың кейбірі "Бостандық!" деп ұрандатты.

Сайлау науқаны кезінде Милей саяси құрылымды жемқорлықтан тазартамын деп жоба ұсынған. Ақшаны көп басып, құнсыздандырған Орталық банкті жоюға және тез құнсызданып бара жатқан песо курсын АҚШ долларына ауыстыруға уәде берген еді.

Дегенмен Милей инаугурацияда сөйлеген сөзінде:

"Өкінішке қарай мен сіздерге ақша жоқ екенін тағы да айтуға мәжбүрмін. Біз қысқа мерзімде жағдайдың нашарлайтынын білеміз. Бірақ одан кейін күш-жігеріміздің жемісін көреміз", - деді.

53 жастағы TikTok жұлдызы, музыкант, экономист және тележүргізуші, АҚШ пен Бразилияның бұрынғы президенттері Дональд Трамп пен Джейр Болсонаромен салыстырылады. Ол бұл беделге өзінің қатал стилі мен даулы мәлімдемелері үшін ие болған.