Bugin
Фото: olympic.kz
Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатындағы екінші ойынын Даниямен өткізді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы 10-16 желтоқсан аралығында IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен сарапқа салып жатыр.
Бүгінгі кездесуде екі құрама бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Нәтижесінде 15-минутта даниялық Оскар Фискер Молгаард мергендік танытса, 44-минутта Бейбарыс Оразов таразы басын теңестірді.
Ал даниялық Альберт Шиолдан 46-минутта қайтадан өз құрамасын алға шығарса, қазақстандық Кирилл Ляпуновтың 48-минутта соққан голынан кейін қайтадан таразы басы теңесті.
Қазақстандық Руслан Оспанов 56-минутта жеңіс шайбасын соқты.
Осылайша Қазақстан жастары \қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.
Енді олар 13 желтоқсанда Франциямен ойнайды.
Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионаты бірінші дивизионында алты мәрте ойнады. Төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді.
Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионда сегіз мәрте бақ сынады. Жоғары жетістігі – 1999 жылы алтыншы орын.