Bugin

Алматы қаласы ТЖД басқармасының бастығы сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Әлеуметтік желі

Алматы қаласы ТЖД Басқармасының бастығы жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
 
Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Қостанай қаласының №2 сотымен Алматы қаласы ТЖД Басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.К. Жаныспаевқа қатысты үкім жарияланды.

Ол кәсіпкерге қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.