Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Алматыда аяз салдарынан оқушылар қашықтан оқитын болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы қалалық білім басқармасына сілтеме жасай отырып.
"Қазгидромет" ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсанында қатты аяз болуы мүмкін. 2023 жылдың 13 желтоқсанында түнде қатты аяз болоады, сынап бағанасы 23-25 градус аралығында, ал 14 желтоқсанда түнде қатты аяз 25-27 градусқа дейін жетеді.
"Осыған орай ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсанында 0,1-9 сынып оқушылары қашықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптар мен ережелерге сәйкес қашықтан оқыту форматына көшеді" делінген Алматы қалалық білім басқармасы жариялаған хабарландыруда.
Алматылықтарға жақын күндері 27 градус аяз болатыны туралы ескертілді.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61