Bugin

Жамбыл облысында отар қойымен жоғалып кеткен екі шопанның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысында отар қойымен жоғалып кеткен екі шопанның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды, Bugin.kz порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

 

2023 жылы 12 желтоқсанда сағат 00:24 шамасында Шу ауданы, Көкқайнар ауылынан 15 шақырым жерде шаруа қожалықтардың бiрiнің екі малшысы адасып, жоғалып кеткені туралы хабар түсті.

Жедел-іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, аудан әкімдiгi, ТЖД қызметкерлерiнен бөлек жергілікті тұрғындар да жұмылдырылды. Қалың қар басқан жолдар “Грейдер” техникасымен аршылып, айналаны жiтi қарау шаралары ұйымдастырылды.

"Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде түнгі сағат 3.00 кезінде малшылар және қарауындағы малдары аман-есен табылды. Құтқарылған азаматтардың жағдайы бірқалыпты, медициналық көмекті қажет етпеді", - деді Шу ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Дiнмұхамбет Қойтөриев.