Bugin

Оралда жас бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Оралда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен 11 жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 9 желтоқсан күні Д.Қонаев шағынауданы 52/2-үйде болған.

"Жедел жәрдем сағат 23.38-де шақырылды. Қалалық көпбейінді ауруханада жатқан баланың жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде есін жимаған жасөспірім жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деп хабарлады ведомстводан.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, баланың қай қабаттан құлағаны белгісіз. Ата-анасы қасында болмаған.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, 2012 жылғы бала 9-қабаттың балконынан секіріп кетіп, аулада тұрған автокөліктің үстіне түскен.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.