Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Bugin.kz
Алматыны қалың қар басты. Екі адам суықтан қайтыс болды. Таңға дейін 33 жол апаты тіркеліп, 4 адам жарақат алды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматыға қар кеше кешкілік сегізден бастап жауды. Қардың қалыңдығы қала және таулы жерлерде қазір 13-15 см-ге жетті. Көктайғақтан жол апаты жиі орын алуда.
Еркін Өтегенов, қалалық ПД баспасөз қызметі басшысының орынбасары:
"Таңғы 6-ға дейін 33 жол оқиғасы тіркелді оның ішінде төртеуі жарақат алғандар болды. Әр қайсысымыз далаға шыққан кезде біз жол қозғалысына қатысушымыз, біреуі жүргізуші, біреуі жаяу жүргінші болып біреуі жаңағы қоғамдық көліктерге жүретін жолаушы ретінде, сол себептен әрқайсымызға қойылған нақты талап бар",-деп мәлімдеді.
Тұрғындар әбден әбігерге түсті. Көліктер кептеліп, көпшілігі жұмысына кешікті. Қар тазалау жұмысына 818 техника мен 1300-ге жуық адам жұмылдырылды.
Дулат Ашкенов, қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
"Қаланың толық бір айналуға 3-4 сағат кетеді. Дегенмен қала тұрғындарынан шағым түсіп жатыр, түсіністікпен қарауды сұраймыз. Қазір жолды қарасаңыздар балшық араласқан қар жатыр яғни біз көктайғақтың болдырмауына күш жұмсап жатырмыз. Көктайғаққа қарсы 76 мың материал дайын, оның ішінде сұйық реагенттерді де қолданып жатырмыз",-деді.
Жаяу жүргінші жолдарды тазалап үлгірмей жатқандықтан жарақат алғандар көп. Арасында қол-аяғын сындырып алғандары да аз емес.
Бахтияр Амангелдіұлы, №4 қалалық клиникалық аурухана травматология бөлімінің меңгерушісі:
"Хәлдері әр түрлі жеңіл ушиб дейміз ғой, содан бастап сыныққа дейін келіп жатыр. Ол сыныққа ота жасау да керек болып жатыр. Денесі суықтап, переохлождениемен де түсіп жатыр. Суық басталғалы бері тек біздің ауруханамызға 5 адам дене суығымен түсіпті. 21 науқастай сол көктайғақтан құлап, жарақат алып түсіп жатыр",-деді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61