Bugin
Фото: ktk.kz
Көптеген қазақстандықтар «дұрыс емес» уақыт белдеуінде тұрудың кесірінен қатерлі ісік ауруына шалдығып, өз-өзіне қол жұмсайды, дейді Сауда және интеграция министрі. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Арман Шаққалиев, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі:
"Ғалымдар уақыт белдеуі – суицид пен суицидтік көңіл-күйге қатысты әсері өте үлкен екенін айтады. Бүгінгі күні жалпылама қорытынды жасасақ, Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы облысының жағдайы алаңдатады. Негізінен күнделікті сипаттағы сұрақ: «Енді бір сағатта тұрамыз ба? Енді жұмыс уақытымыз ұзарады",-деді.
Қазір елді біртұтас уақыт белдеуіне көшіру жобасы қоғамдық талқылау сатысында. Бұл құжат қазірдің өзінде азаматтардың теріс реакциясын тудырды. Бірақ бүгін Сауда министрі жаңашылдыққа қарсылардың өз ұстанымдарын растайтын дәлелдері жоқ екенін айтты. Министрлікте, керісінше, ғалымдар мен сарапшылардың тұтас комиссиясының қорытындысы бар.
Қазір Қазақстанда екі сағаттық белдеу бар. Солардың бірі республиканың батысында. Ал, ғалымдардың пікірінше, дәл осы қазақстандықтардың биологиялық ырғағы үшін ең қолайлы. Ел 1 наурыздан бастап бір уақыт белдеуіне ауыса алады.