Bugin

Бір жыл бұрын жоғалған ер адам табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

Павлодар облысында бір жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақсу қаласында 1972 жылы туған Жанділов Берік Амантайұлы іздеуде еді. Ол соңғы рет 2022 жылдың қараша айының басында отбасымен байланысқа шыққан. Осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз еді.