Bugin
Фото: Видеодан кадр
Ресейде өзбекстандық балалар "Мәңгілік алауды" өшіріп тастады. Енді оларды отбасымен бірге өз еліне депортацияламақ. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Санкт-Петербургтегі екі өзбек мигрант отбасы балалары "Мәңгілік алауды" қармен сөндіргені үшін депортациялануы мүмкін. Полицияның мәліметінше, бұл отбасылардың Ресейде тұруға және жұмыс істеуге құжаттары болмаған. "Фонтанка" газеті қазір оларға отбасымен бірге Ресейден қуылу қаупі төніп тұрғанын хабарлады.
Оқиға 10 желтоқсан күні кешке болған. Басылым жариялаған видеода балалардың бірі "Мәңгілік алауға" уыс-уыс қар лақтырса, қалған екеуі оны айдап салған.
Полицейлер балалардың 10 және 14 жастағы ағайынды, сондай-ақ тағы бір 12 жастағы бала екенін анықтады.
Ресей Ішкі істер министрлігінің Санкт-Петербург бойынша бас басқармасы 11 желтоқсанда балалардың отбасы заңсыз Ресей аумағында болғанын хабарлады. Осыған байланысты полицейлер оларды елден шығару үшін сотқа жүгінбек.