Bugin
Фото: depositphotos.com
Алматыда 4 ер адам 18 жастағы қызды зорлаған. Бұл туралы қоғам белсендісі, "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады. Полиция бұл дерекке жауап берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Дина Таңсәрінің сөзінше, қыз 17 қарашаға қараған түні әпкесі мен оның досымен дүкенге шыққан. Кері қайтар жолда әпкесінің досының жағдайы нашарлап, жолай көлік тоқтап, оларды жеткізіп тастауды ұсынған. Артынша әпкесі мен досы көліктен шығып кеткен кезде жүргізуші олар бірнәрсе тастап кеткенін айтып, қыз бала қайтадан келген. Жүргізуші қызды итеріп, көлікке салып, алып кеткен.
Қыздың анасы 2-3 күн бойы сараптама жасаған. Оның сөзінше, тергеуші мазақ қылғандай "Енді дүкенге барасың ба? Саған ұнады ма?" деп сұраған.
Бүгінде зорлық көрген қыз психологиялық көмек алып, адвокатпен жұмыс істеп жатыр.
Алматы қаласының Полиция департаменті өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді. Қалалық ПД өкілі Салтанат Әзірбек:
"Бұл дерек бойынша Жетісу ауданының полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 121-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бір күдіктінің жеке басы анықталды. Одан бөлек, тергеу шаралары қабылданып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді.