Bugin
Фото: Bugin.kz
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады, бірақ аяз сейіледі. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазгидромет сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанның шығысында арктикалық антициклон орнады. Сондықтан онда төмен температура мен аяз сақталады. 15-16 желтоқсанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады. Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, боран соғады, таулы аймақтарда тұман болады. Республиканың батысында шаңды дауыл тұрады.
Ауа температурасының түнде бірте-бірте көтерілуі мүмкін:
батыста -5-15° дейін,
солтүстік-батыста және орталықта -10-25° дейін,
солтүстікте -17-28°,
оңтүстікте -5-18°,
оңтүстік-шығыста -10-25° дейін,
Қазақстанның шығысында аяз -30-40° сақталады.