Bugin

Алматы қалалық білім бөлімінің басшысы 12 млн теңге пара алмақ болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

© Sputnik / Абзал Калиев

Алматы білім басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы сайты қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Қала прокуратурасы жетім балалар мен оқушыларға арналған лагерьді ұйымдастыру бойынша жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп танығаны үшін бөлім басшысының 12 млн теңге көлемінде пара алуға әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жіберді.

"Сондай-ақ қала прокуратурасының нұсқауы бойынша лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту үшін Алматы қаласының әкімдігіне қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Конституцияның 77-бабы және Қылмыстық процестік кодекстiң 19-бабына сәйкес әрбiр адам оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәсi заңды күшiне енген сот үкiмiмен анықталғанға дейiн кiнәсiз деп есептеледi.