БІЛІМ
Фотоколлаж: Bugin.kz
13 желтоқсан - Алашорда күні, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Осыдан 106 жыл бұрын 1917 жылы 13 желтоқсанда Алашорда үкіметі құрылған.
Үкіметке Әлихан Бөкейхан төраға болып сайланды. Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді.
Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды.
Алашорда әскерінің құрамына 5 мыңға жуық әскер жасақталды. Ал 1920 жылы кеңес үкіметі Алашорданы күштеп таратты.
Еліміз Алаш зиялылары армандаған тәуелсіздікке 1991 жылы жетті.