Bugin

Ақтөбелік тұрғын арзан бағада шырша аламын деп алаяққа алданып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Ақтөбелік тұрғын арзан бағада шырша аламын деп алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласы полиция басқармасына 46 жастағы жергілікті тұрғын белгісіз біреуге жалпы сомасы 63 мың теңге көлемінде ақша аударғаны туралы өтінішпен жүгінді.

Жүргізілген іс-шаралар барысында жәбірленуші Instagram әлеуметтік желісінде жаңа жылдық шырша сату туралы жарнаманы көрген.

Оған құны 63 мың теңге болатын 2,5 метрлік жасанды шырша сатып алу ұсынып, үлкен жеңілдік жасалып, тегін жеткізілетіні туралы уәде еткен.

Тауарды сатып алудың міндетті шарты 100% алдын ала төлем екені көрсетілсе де, сатып алушы күмәнданбаған