Bugin

Павлодарда үш бала адам төзгісіз жағдайда өмір сүрген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодарда пәтерлердің бірінен адам төзгісіз жағдайда өмір сүрген 3 бала табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

 Полицияның айтуынша, ата-анасы бірдей ішімдікке салынып, бүлдіршіндерге мүлдем қарамаған. Тәртіп сақшылары үйге барған кезде әкелері мас болып жатқан. Бөлмелер астаң-кестең. Аяқ алып жүру мүмкін емес. Балалар аш-жалаңаш. Тоңазытқышта арақтан басқа түк жоқ. Тіпті, 2 және 4 жастағы балалардың жатар орны да болмаған. Жауапсыз ата-ананың ісі енді сотта қаралмақ. Бүлдіршіндер балалар үйіне орналастырылды. Облыс бойынша полиция есебінде тұрған осындай 288 отбасы бар. 

"Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ата-анаға қатысты Әкімшілік кодекстің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылып, сотқа жіберілді. Сонымен ата-аналардың мінез құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияда қаралады"-дейді қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.