Bugin

"Бір рет қана болмаған, бірнеше рет тиіскен": ер адам өгей қызын 5 жыл бойы зорлап келген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео кадры. massaget.kz

Астаналық Жанар шаңырағында болған сұмдықты "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтты. Оның айтуынша, бұрынғы сүйіктісі қызын зорлап келген. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі  Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жанардың айтуынша, ол Бауыржан есімді ер адаммен 7 жыл бұрын танысып, кейін азаматтық неке құрған. Кейін ол қызы өгей әкесінен 5 жыл бойы зорланып келгенін білген. Ол бірден полицияға шағымданған, қызға сараптама жүргізілген. 

"7 жыл азаматтық некеде болған адамның айуандығын естігенде есеңгіреп қалдым. Басымнан мұндай жағдай өтеді деп ойламағанмын. Бұл кісінің мұндай жасайтыны 10 ұйықтасам да түсіме кірмеген. Бір рет қана болмаған, бірнеше рет тиіскен", - деді ана. 

Кішкентай қыз 10 жасынан зорланып келген. Бұл туралы ол ашып айтты. 

"Бауыржан маған тиісті. 6-7 рет тиісті. 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейін тиісті", - дейді қыз. 

Жанардың бұрынғы күйеуі өз кінәсін мойындамаған. Ол 7 тамызда ұсталған. Оның айтуынша, кейінгі рет мамырда көрген. 

Жанар Бауыржанмен 2013 жылы танысқан. Алғашында екеуі 2 ай бойы телефон арқылы сөйлескен. Одан кейін екеуі қосылып, 7 жылдан бері екеуі бір шаңырақ астында тұрған. 

Алайда Бауыржанның анасы бұған сенбейді. Қазір тергеу изоляторында жатқан Бауыржан кішкентай қызға тиіспегенін айтты. 

"Жанар, сен емес сенің сіңлің кінәлі. Неге Бауыржан қызды бұрын зорламаған? Ұлым бірнеше рет жылап, қызды зорламағанын айтты. "Мама, маған неге сенбейсің?" деді" - дейді Бауыржанның анасы.