Bugin

Науқасты алып кетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі жантүршігерлік апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:  видео скрині. zakon.kz

Ақмола облысының Қосшы қаласында жедел жәрдем көлігі мен «ГАЗель» көлігі соқтығысып қалды. Жол апаты орын алғанда жедел жәрдем көлігінде науқас адам болған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі zakon.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Деректерде 28 жастағы "ГАЗель" жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Нәтижесінде қарсы келе жатқан жедел жәрдем көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Оқиға салдарынан 28 жастағы фельдшер, 73 жастағы науқас және екі жүргізуші түрлі ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша тергеуді бастады.

Оқиғаны мына сілтемеден көре аласыздар.