Саясат

"Көкжайлау" курортының құрылысы неге кейінге қалдырылды?

Бауыржан Байбек жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Көкжайлау» курортының құрылысы кейінге қалдырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Inform.kz хабарлайды. 

Нұр-Сұлтандағы «Мәңгілік ел» салтанат қақпасына жөндеу жүргізіледі «Жобаны қайта қарап толықтыруды ұсынамын», - деді Бауыржан Байбек Қоғамдық кеңес отырысында.

Қала басшысы бұл тақырыпқа келгенде  экономика, социум, экология мәселелерінің теңгерімін сақтау қажеттігін айтты.

«Сарапшылардың айтуынша, қазіргі курорттардың дамуының өзі 3-5 жыл уақыт алады. Осы уақыт аралығында көп тәжірибе жинақтаймыз, мамандарды әзірлеп, қала тұрғындары мен қонақтарының пікірін зерттейміз. Тек содан соң ғана Көкжайлау тау шаңғысы курортының құрылысына кірісуге болады», - деді әкім.

Қалалық Туризм басқармасының жетекшісі Мақсат Қиқымов нысан құрылысын жеңілдету үшін шаңғы жолын басқа сілемге салуды ұсынды.

«Мастерконцепт» компаниясы Көкжайлауда шаңғы жолын басқа сілемге ашуды, тұрғын үй ауданын азайту мүмкіндігін қарастыруды, қонақ үй құрылысын төменгі үстіртке салуды, «ЦСКА» тау шаңғысы базасы тұсынан аспалы жол мен базалық станса салуды ұсынды. Бұл компания басшылығы жаңадан курорт салмай-ақ, бұрынғы курорттарды дамыту туралы да айтты. Бірінші кезеңде курорт құрылысына емес, аспалы жолдару салуға басымдық берілмек», - деді Мақсат Қиқымов. Бұған дейін Бауыржан Байбек Көкжайлау жобасы қоғамдық талқылаулдың үдесінен шықпаса, қайта қарауға жіберілетінін айтқан болатын.