Bugin

Қылмыс әлемінің серкесін 13 жыл бұрын өлтірген 2 күдікті ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Бішкекте 2010 жылы  қылмыс әлемінің серкесі Мақсат Қарасартов тұрған көлікті атуға қатысы барлар ұсталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі 2010 жылдың 12 сәуірінде сағат 14.00 шамасында болған оқиғаның жай-жапсарын айтты. Бішкектегі Ибраимов пен Иваницын көшелерінің қиылысында Мерседес-Бенц көлігін тізгіндеген белгісіз біреулер 1975 жылы туған Мақсат Қарасартов тізгіндеген "Мазда 626" көлігіне көптеген оқ атқан. Осыдан кейін қылмыскерлер оқиға орнынан бой тасалаған.

Салдарынан Мақсат Қарасартов көптеген оқ жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Оқиға орнын қарау барысында 7,62 мм пулемет табылып, тәркіленген еді. Аталған факті бойынша Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Ішкі істер министрлігі бүгінде бұл қылмысқа қатысы бар тұлғалар анықталғанын хабарлады. Қылмысқа күдікті  "Протез" лақап атымен танылған Шу облысының тумасы. Бұрын бірнеше рет сотталған, Камчи Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының белсенді мүшесі ретінде департаменттің жедел есебінде тұрған. Ол ұсталып, қамауда отыр.

Екінші күдікті де Шу облысының тумасы. Ол ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі ретінде Ішкі істер министрлігінде тіркелген Іс бойынша тергеу жалғасуда.