Bugin

Qazaq universiteti газетіне – 75 жыл

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: jurtmedia.kz

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 90 жылдығына орай Qazaq universiteti газетінің 75 жылдығына арналған студенттік сapstone өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мәдени іс-шараны  ҚазҰУ  Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ләззат Еркінбаева құттықтау сөзбен ашты. 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов:

“Бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстанның ғылымы,қоғамдық- саяси өмірі мен экономикасына зор үлес қосатын еліміздегі жетекші оқу орны. Университет ғылым мен білім берудің халықаралық кеңістігінде лайықты орынға ие болды, жоғары білім саласында Орталық Азиядағы жетекші университеттердің біріне айналды”, - деді.

Ахетов сөзін әрі қарай мерейтойы аталып өтіп жатқан газет жайында жалғады.

“Qazaq universiteti басылымы студенттердің, оқытушылардың, ғылыми қызметкерлердің әртүрлі саладағы тың ақпараттарын жариялап келеді. Университеттің көпжылдық тарихы бар бұл басылымы оқырмандарды оқу орнындағы іс-шаралармен, жаңа оқулықтармен, монографиялармен және шығармашылық жетістіктерімен таныстырады”, - деді ол.

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы ұйымдастырған іс-шарада Qazaq universiteti газетін әр жылдары басқарған Бас редакторлары  Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының профессорлары Сагымбай Қозыбаев, Дандай Ысқақ, Сағатбек Медеубекұлы ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасынан Александр Рожков Бекжан Әшірбаев және Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының аға оқытушысы Дәрмен Смайыл өздерінің естеліктерін айтты. 

Газеттің мерейтойы қарсаңында басылымның тарихынан сыр шертетін кітап, баспасөз және фотокөрме ұйымдастырылды.