Bugin
Фото:2gis.kz
Прокуратура Ақтөбе мектептерінің бірінде 7- сынып оқушысы құлап қайтыс болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Желтоқсанның 14-і күні N27 орта мектепте сыныпқа жүгіріп келе жатқан оқушы құлап, партаға соғылған.
"Шамамен сағат 11:55-те Ақтөбе қалалық орталық балалар ауруханасында 2010 жылы туылған 7-сынып оқушысы қайтыс болды деген хабар келіп түсті. Сыныптастарының айтуынша, бала жарақаттанған. Ол сыныпқа жүгіріп бара жатып, құлап, партасына соғылған. Оқиға орнында "Оқиға бойынша полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы" мен Ақтөбе қаласының прокуроры жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі.
Бұған дейін Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы 13 жасар жасөспірімнің клиникалық өлім жағдайында ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған болатын.
"Тексеру кезінде ұйқы артериясында пульсация жоқ, қан қысымы анықталмады, есін жоғалтқан. Дереу реанимация басталды. Сағат 11:25-те қайтыс болды", деп хабарлайды Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді.