Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Bugin.kz
Синоптиктер қаңтар, ақпан айында елімізде қандай ауа райы болатынын айтты, деп жазады Bugin.kz порталы.
Синоптиктер қыстың қалған екі айы "тосын сыйларға" толы болады деп болжап отыр.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, биылғы қыста 2001-2002 жылдардағы сценарий қайталанады. Яғни, өткен жылдардағы қыс айларымен салыстырғанда алдағы екі ай жылы болады деп болжанып отыр. Дегенмен, қаңтар - қарсыз, ақпан - ақтүтек борансыз өтпейді.
"Қаңтар-ақпанда Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон негізінен климаттық нормадан 1-2°С жоғары болады. Желтоқсан айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында, ал ҚР солтүстігі мен шығысында нормадан 1°С төмен болады", деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Синоптиктер болжамына сүйенсек, қаңтардың орта шені қарлы-аязды болса, ақпан айының алғашқы он күндігінде боран болуы ықтимал.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61