МӘДЕНИЕТ
Фотоколлаж: bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек
15 желтоқсан – қазақтан шыққан тұңғыш суретші қыз Гүлфайруз Ысмаилованың туған күні. Bugin.kz порталы қазақ сурет өнерінің ханшайымы туралы қызық деректер ұсынады.
Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, атақты қазақ кескіндемешісі 1929 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Шын есімі — Қоңарбаева Күлпәш Тансықбайқызы. Орыс құрбылары "Культя" деп атаған. Есімі ұнамаған соң, төлқұжат алған кезде атын Гүлфайруз деп өзгертіп алады.
Атақты суретші солақай болған.
Соңғы екі натюрморты Дариға Назарбаеваның жеке коллекциясында сақталған.
2002 жылы "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері атанды.
Ең үлкен коллекциясы Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында сақталған. Астанада 10-ға жуық живописьтері бар.
1953 жылы Васильев аралында Евгений Сидоркинмен екі жақтың да ата-анасынан жасырын түрде неке қиған.
Өмірінде 11 мемлекетте болған. Шығармашылығын тек өз Отаны ғана емес, әлем елдері мойындаған.
Сұлтан Ходжиковтың "Қыз Жібек" фильмінің қоюшы-суретшісі болған, ал "Ботагөз" фильмінде басты рөлді сомдаған.
"Қыз Жібек" фильмінде Гүлфайруз Ысмаилова бастаған костюмерлер тобы камзолдар мен қыздардың көйлектеріне жүздеген моншақты қолмен тігіп берді. Сондай-ақ Ысмаилова Жібектің барлық киімдерін өзі жасаған.
Гүлфайруз асыл тастарды жақсы көрген. Күйеуі Евгений Сидоркин оның, әсіресе, көгілдір, қызыл маржан, малахитты ұнатынын біліп, үнемі әшекей бұйымдар сыйлаған. "Алпамыс" спектакліндегі костюмдерге де асыл тастарды үйлестіріп қосқан.
Интернационалды некеге, тіпті, бейтаныс қазақ жігіттері де қарсы болып, жұпты үнемі соққыға жыққан. Мұндай сәттерде суретші биік өкшелі аяқ киімімен бұзақыларды ұрып, төбелескенін, жараланған кездері болғанын да сұхбаттарында баяндаған.
Қазақтың танымал суретшісі 2013 жылы 12 мамырда дүниеден өтті.
Материал авторы: Бану Әбдіғалиева