Bugin

Өскеменде жоғалып кеткен бозбаланың денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Өскемен қаласында кешелі бері із-түссіз жоғалған 17 жастағы бозбаланың денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 желтоқсан күні полицияға хабарласқан әйел адам ұлының жоғалып кеткенін айтқан.

"Сол күні ол түскі уақытта үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмады. Іздестіру жұмыстарына полицейлер мен еріктілер жұмылдырылған", - делінген ақпаратта.

Бүгін сағат 14.00 шамасында бозбаланың денесі табылды. Алдын ала дерек бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61