Bugin
Фото: astanatv.kz
Австралияда «өз баласын өлтірді» деп айыпталған әйелдің шулы оқиғасы ешкім ойламаған сипатқа ауысты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Кэтлин қателіктің кесірінен төрт баласының өлімі үшін негізсіз 20 жыл бас бостандығынан айырылған. Кэтлин Фолбигг енді темір тордың ар жағындағы өмірі үшін өтемақы талап етпекші. Әлі қанша ақша талап ететіні беллгісіз. Адвоктаның айтуынша, өтемақы көлемі қомақты болмақ.
Австралиялық әйел 2003 жылы аса қатігездікпен төрт баласын өлтірді деп айыпталған. Әйел өзінің кінәсіздігін айтып, ақталған. Ол әрекетінен нәтиже шықпаған. Балалар табиғи себеппен қаза тапқанын айтып еді. Кэтлинге ешкім сенбеген. Бір жыл бұрын тергеу нәтижесі, тосын шешім қабылдады. Әйелдің кінәсіздігі анықталды. Оның балаларында өлімге әкелетін генетикалық ауытқу бар екені белгілі болды. Әйел осы жылдың маусым айында бостандыққа шыққан.
Оның адвокаты Рейни Рего шулы оқиғаның нәтижесі туралы:
"Мен әзірге нақты қанша өтемақы өндіретініміз туралы айтпаймын. Дегенмен өтемақы мөлшері осыған дейінгі барлық ұқсас оқиғалардан қымбатырақ болады",-деп мәлімдеді.
20 жыл жазықсыз түрмеде отырған Кэтлин Фолбигг:
"Қазіргі ғылым мен генетиканың балаларым қалай қайтыс болғанына жауап бере алатын деңгейде дамығанына ризамын. Алайда 1999 жылдың өзінде менің кінәсіз екенімді дәлелдейтін мәліметтер болды. Бірақ олар еленбей, қабылданбады. Жүйе кейде балалардың кенеттен және күтпеген жерден өлуі мүмкін екенін мойындаудың орнына мені кінәлауды таңдады",-деп ағынан жарылды.