Bugin

Жамбыл облысында қарлы боранда жолда қалған 5 мың адам құтқарылды (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысында дауыл мен қалың қар әсерінен республикалық маңызы бар автожолдар жабылды. Оқиғаның салдары туралы Bugin.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен 13 желтоқсаннан бастап өңірлік жедел штаб құрылып, жұмыстар жүргізуде.
Облыстық баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сүйенсек, құтқару жұмыстарына 117 арнайы техника, 103 адам (ТЖД, әскери қызметшілер) жұмылдырылған.

14 желтоқсан күні сағат 23.00-дегі жағдай бойынша құтқару бөлімшелерімен 1279 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Олар Қордай ауданындағы 6 жылыту пунктіне орналастырылды. Әлі де қар құрсауында қалып отырған көліктердің саны нақтылануда.
Қатты жел мен қардың салдарынан Шу ауданында электр желілері үзіліп қалды.
Төтенше жағдай салдарынан "Шу Отар" учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр, олардың әрқайсысында орташа есеппен 500-700 адамнан бар. 12 жүк пойызы өз уақытынан кешігуде.
Облыстың 4 ауданының 32 елді мекенінде 8 882 абонент электр қуатынан ажыратылған.

Қазіргі кезде желдің жылдамдығы секундына 45 метрге дейін жетуде. 
Жамбыл облысында жолда қалған 5 мың адам құтқарылды.

Қазіргі уақытта Қордай және Шу аудандарында қосымша 825 орындық 9 жылыту пункті ұйымдастырылып, жолдағы блок-бекеттерге полиция нарядтары қойылған.

Қар құрсауында қалған дамдардың видеосы тарады. Оқиғаны мына сілтемеден қарай аласыздар.