Bugin

7 жылға сотталған индустрия вице-министрінің жазасы қатаңдатылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

7 жылға сотталған индустрия вице-министрінің жазасы қатаңдатылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
2023 жылдың қазан айында бұрынғы вице-министр ауыр зардаптарға әкеп соқтырған өкілеттігін асыра пайдалану бойынша кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс сотталушының жазасын өтейтін мекемені өзгертуді сұраған прокурордың өтініші бойынша қаралды. Сонымен қатар, сотталушының өзі және оның қорғаушылары экс-шенеуніктің кінәсіздігін айтып, үкімнің күшін жоюды сұрап апелляциялық шағым түсірген.

"Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қылмысты жасаудағы кінәсі дәлелденгендіктен үкімнің күшін жоюға негіз таппады. Сот үкімі бас бостандығынан айыру жазасын өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінен орташа қауіпсіздік мекемесіне өзгертілді", – делінген сот хабарламасында. 

Үкім заңды күшіне енді.