Bugin

Шымкентте бір топ жігіт бес баланың әкесін ұрып өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте бір топ жігіт бес баланың әкесі ұрып өлтірген,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бес баламен жесір қалған әйел тағы үш жасөспірімнің жазадан сытылып кеткеніне наразы. 

Қайғылы жағдай 2023 жылдың қыркүйегінде таңғы сағат 04:00 шамасында болған. 39 жастағы Толқын Абдурахманов пен 11-сынып оқушыларының арасында көшеде жанжал туындайды. Кейін төбелеске 20 жастағы тағы екі жігіт қосылады. Осы жағдайдан кейін бес баланың әкесі оқиға орнында қайтыс болады.

Бір топ жастар мен азамат арасындағы кикілжің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Дегенмен адам өлімімен аяқталған бұл істе олардың біреуі ғана күдікке ілініп, 8 жылға сотталды. Судья сөзінше, сотталушы соққысынан кейін марқұмның миына қан құйылған. Ал төбелеске қатысқан өзге жасөспірімдер сотқа куәгер ретінде қатысты.