Bugin
Бүгін желтоқсан көтерілісінің қаһарман қызы дүниеден озды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
37 жыл бұрын еліміздің тәуелсіздігі үшін алаңға атойлап шыққан өрімдей қыз-жігіттер арасында болған, желтоқсан қаһарманы Күлімхан Өскенбаева дүниеден озды.
"Желтоқсан қарлығашы желтоқсанның 37-ші таңын бүгін бақилық ғұмырмен қарсы алғанын естіп отырмыз. Желтоқсан көтерілісінің қаһарман қызы Күлімхан Өскенбаевадан (Усканбаева) да айырылып қалдық. 1986 жылы осы күндерде алған жарақаттың соңы 37 жылдан соң өзі әкелген Тәуелсіздік мерекесін, яғни, дәл бүгінгі таңды ажал оғымен қарсы алуға мәжбүрлейді деп кім ойлаған", деп жазды"Желтоқсан ақиқаты" патриоттық қозғалысының мүшесі Аманғазы Кәріпжан Facebook-тегі парақшасында.
Күлімхан Өскенбаева - желтоқсан оқиғасын басынан өткерген адамның бірі, ІІ-топтағы мүгедек, "Желтоқсан ақиқаты" патриоттық қозғалысының белсенді мүшесі.