Bugin

Рудныйда қоқыс контейнерінен сәбидің денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Рудныйда қоқыс контейнерінен сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысының полиция департаменті 17 желтоқсан күні түскі сағат 12 шамасында Рудныйдағы Корчагин көшесіндегі үйлердің бірінің жанынан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғанын хабарлады. Ол полиэтилен пакетке оралған.

"Аталған факті бойынша Рудный полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтiруi" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады ведомство.