Bugin
Маңғыстау облысында мұнайшылар ереуілдеп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған қатысты "West Oil Software" ЖШС компаниясы өз ұстанымын Instagram-дағы парақшасында жариялады.
"ОТК" ЖШС мен "WOS" ЖШС арасында 2027 жылға дейін жасалған ұзақ мерзімді келісімшарт бар. Компания өз міндеттемелерін ереуілге шыққан жұмысшылардың қатысуымен, болмаса оларсыз толық көлемде орындауға ниетті. Заңсыз ереуілге байланысты мұнай ұңғымаларында апат қаупі бар, бұл қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін, сондай-ақ тапсырыс берушіге экономикалық шығын келтіреді", делінген ахабарламада.
Сондай-ақ компания ереуіл салдарынан компания күн сайын келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін 23 млн теңгеден астам шығынға ұшырайтынын баса атап көрсетеді.