Bugin
Қазақстан билігі Ресей әскерін қамтамасыз етті деген күдікке ілінген компанияға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
“7 желтоқсанда "Elem group" ЖШС АҚШ Сауда министрлігінің Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының субъектілер тізіміне енгізілген. Айта кетейік, 2023 жылдың мамыр айынан бері "Elem group" ЖШС сыртқы сауда қызметін жүргізбеген. Енгізілген шектеулер бұдан былай Америка Құрама Штаттарынан жеткізушілер арнайы лицензия алмай-ақ осы тізімге енгізілген компанияларға американдық тауарларды жібере алмайтынын білдіреді”, – деп мәлімдеді ұлттық экономика министрлігі.
Ақпаратқа сәйкес, "АҚШ Сауда министрлігі шектеулеріне ұшыраған компаниялар америкалық контрагенттермен жұмыс істеуді қоспағанда, жұмысын жалғастыра алады".