Bugin

Алматыда қойма өртенді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өрт сөндіруге 30-дан астам техника мен 100 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап. 
Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, 18 желтоқсан күні таңғы сағат 7.19-да Алмалы ауданы  Райымбек даңғылы, 212/2 мекенжайында қоймада өрт шыққаны жайлы хабар түскен.

ТЖД бастығының бірінші орынбасары, полковник Асан Айтеевтің айтуынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен сәтте қойманың ашық жалынмен өртенгені белгілі болған.

Қойма қызметкері уақытылы хабарламағандықтан жалын аумағы ұлғая түскен.

Өрт таңғы сағат 8:50-де оқшауланып, 9:45-те толық өшірілді.