Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Видео скрині
Марлен Серік 4 ай бұрын із-түзсіз жоғалған еді. Оны отандық телеарналарындың біріндегі бағдарлама редакциясы тапты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Баланы "Еуразия" бірінші арнасындағы "Көреміз" әлеуметтік жобасының редакциясы тапқан. Бағдарлама жүргізушісі Руслан Есмағамбетов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында:
"Із-түзсіз жоғалған бала табылды!
14 жасар баласын төрт айдан бері таба алмай жүрген Алматы облысының тұрғыны «Көремізден» көмек сұраған еді. Полиция өкілдері Марлен Серікті Алматыдан іздеген. Алайда жоғалған баланы «Көреміз» ұжымы Шымкент қаласының көлік жуу орталығынан тапты",-деген жазба қалдырды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61