Bugin
Фото: видео скрині
АҚШ президенті Джо Байденнің кортежіне Делавэрге сапары кезінде көлік соқтығысты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Forbes Breaking News youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жол апаты 2024 жылы өтетін сайлау науқанының штаб-пәтерінің алдында болған.
Президент көшеде тілшінің сұрағына жауап беріп тұрған кезде штабтың кіре берісіндегі қиылыста кортежді бөгеп тұрған жол талғамайтын көлікке тағы бір көлік соғылған. Президенттің оққағарлары көлікті қоршап алып, мылтықтарын жүргізушіге қаратқан. Осыдан кейін АҚШ президенті мен бірінші ханымы көліктеріне отырып, оқиға орнынан кетіп қалды.
Жағдаяттың барлық мән-жайы әлі ашық айтылған жоқ. Оқиғаның видеосын мына сілтемеден көре аласыздар.