Bugin
Фото: olympic.kz
Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тізесіне ота жасалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Дегенмен Ильин бабында екенін, үзіліс жасағысы келмейтінін мәлімдеді. Спортшының жұбайы Татьяна Гордиенкомен бірге түскен бейнежазбасында Ильин тез сауығып, жаттығу залына жылдам оралғысы келетінін айтқан.
2023 жылдың қыркүйегінде Илья Ильин мен Татьяна Гордиенко отбасы бір адаммен толығатынын хабарлады.