Bugin
Фото: polisia.kz
"Сергек" интеллектуалды жүйесі жаяу жүргіншілер өткелдерінде адамдарды елемейтін жүргізушілерді тіркейді. Пилоттық жоба Алматыда іске қосылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова:
"Биыл 11 айда 556 жаяу жүргінші қаза тапты. Оның 478 жағдайында оқиға жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Жүргізуші тәртібін арттыру өліммен аяқталған жол апаттарының азаюына ықпал етеді", - деді.
Егер автокөлік жаяу жүргіншіден кейін жүрсе, бұл жол жүрісі қағидасын бұзу болып саналмайды. Ал егер жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермесе және тоқтамаса, оған айыппұл салынады. Егер жаяу жүргінші де, көлік құралы да бір қиылысу аймағында болса, бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып тіркеледі.