Bugin
Фото: instagram.com/ Murat Sevaliev
Еуропада өскен бельгиялық жалғызбасты әйел асырап алған қазақ баласы Қазақстанға туған анасын іздеп келгені белгілі. Ол 20 желтоқсан Астанадан Испанияға ұшып кетуі керек еді. Алайда бала әлі де анасын таба алмағандықтан, елде қалуды құп көрген. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жәнібектің қазіргі құжатында ЭддиЖан деп жазылған. Ұлты – қазақ, 2002 жылдың 17 қаңтар күні Арқалық қаласында дүниеге келген. "Бармысың, бауырым?" хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан баланың анасының аты-жөні белгілі болғанын мәлім етті.
"Сәлем, Қазақстан халқы. Мен үшін нені білдіретініңді түсінбейсің деп ойлаймын. Сен үшін қаншама көз жасымды төккенімді түсінбейсің деп ойлаймын, өйткені мен бақыттымын. Сізбен танысқаныма қуаныштымын. Мен анамды осы іздегеннен кейін таба алмаймын (бұл ой мені қатты қынжылтады), бірақ бәрібір сені кездестірдім. Біз бір-бірімізге көмектесеміз. Қазақстан мен оның халқы мен үшін соңғы жылдары болған ең әдемі нәрсе. Қазақстандықтардың барлығына рақмет. Саған арналады. Білесіз бе, мен Қазақстанда біраз уақыт боламын және анамды табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын", - дейді ол (Жәнібектің өз сөзі жазылды - ред.).
Айта кетейік, Жәнібек қазір Испанияның Мальорка аралында тұрады. Асырап алған отбасысы оған еуропаша білім беріп өсірген.