Bugin

Ақтөбеде 2 оқушы мен мұғалім көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Самара – Шымкент" тасжолында болған жол-көлік апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, сағат 08:45–те "Самара-Шымкент" трассасының Ырғыз ауданы Қызылжар ауылы маңында болды.

"Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, апат салдарынан 3 адам қаза тапқан. Олар — республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға бара жатқан 2 оқушы мен 1 мұғалім. Басқа мәліметтер ақпарат түскен бойда хабарланады", - деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Полиция мән-жайды анықтауға кірісті. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам және 16 жастағы екі оқушы оқиға орнында қаза тапты. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жай анықталып жатыр", — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.